АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 27.10.2022

Сенат «Қаңтар оқиғасына» қатысқандарға рақымшылық жасау туралы заңды қабылдады. Жалпы бұл іс бойынша 1600 адам жауапқа тартылса, соның 1500-і амнистияға ілігеді. Алайда мәселенің заңгерлерге ғана аян тұсы бар. Жалғас Зейнолла тарқатады.

Рамиль Мухоряповтың қазақ тіліне қатысты айтқанын Алматы қалалық полициясы тексеріп жатыр. Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев осылай деді. Ал бір топ депутаттың кәсіпкердің үстінен «алауыздық тудыру» бабы бойынша іс қозғау туралы талабын Бас прокуратура орындағанын не орындамағанын айта алмады.

Бүгіннен бастап банк несиесінің өсімақы мөлшерлемесі өсті. Оған Ұлттық банктің базалық пайыздық мөлшерлемені 16% көтеруі себеп. Кредит алғанда үстіне қосылатын пайыздық мөлшерлемесі өссе, елімізде несие алатындар азая ма? Тамақтың өзін қарызға алып жүргендер қалай күн көреді? Әріптесіміз Аягөз Тұрсынбай тараптар пікірін тыңдап қайтты.

Бейсенбі, 27 Қазан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар