Әлемде коронавирустың тағы бір жаңа штамы тарады. Еуропалық мамандар босаңсуға болмайды, пандемия әлі аяқталған жоқ деп ескертіп жатыр. Би.Кью-1 атты вирустың мутацияланған жаңа түрі өткен аптаның өзінде Еуроодақтың 5 елінде тіркеліпті. Дәрігерлер бұлай жалғаса берсе, кәрі құрлық желтоқсан айына қарай қайтадан карантинге жабылады деп болжайды. Сондықтан халықты коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға жаппай шақырып жатыр. АҚШ-та да жағдай мәз емес. Мұнда аптасына 2 мыңнан астам адам індеттен көз жұмады. Сондай-ақ, Америкада балалар арасында инфекция жұқтырғандар көбейген. Олар әсіресе, «тридемиямен», яғни бір уақытта тұмаумен, респираторлық вирус және коронавируспен жиі ауыратын болған.
Пятница, 28 октября 2022, 19:59
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.