Ұлытау облысына зымыран қалдығы құлады: тұрғындар эвакуацияланды

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан жүк таситын «Прогресс МС-21» зымыраны қазіргі Орынбай елді мекенінен 25 шақырым жерге түскен.

Таңда болған оқиға ауыл халқын үрейлендірген. Себебі 23 жыл бұрын осыған ұқсас оқиға болып, адамдардың ажал құшқаны есімізде. Зымыран ұшқан сәттен 531 секунд өткен кезде орбитаға шыққан. Жүк тасушы зымыранның жалпы жүгі 2,5 тонна деп көрсетілген. Ал оның қаншасы азық-түлік, қаншасы жанармай екені белгісіз. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі ұшу күні, уақыты және қалдықтың түсетін орны алдын ала белгіленіп, күзетке алынғанын айтты.

Пятница, 28 октября 2022, 20:02

Соңғы шығарылымдар