АЙБАТ жаңалықтар қызметі | 28.10.2022

 Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 5 жылға сотталды. Судья бас бостандығын шектеу туралы жаза тағайындады. Ал оның орынбасары болған Олжас Әбішев бірнеше жыл қоғамдық жұмысқа тартылатын болды. Ел боп күткен сот үкімін жариялау қалай өтті? Жалғас Зейнолла айтып береді.

Ресей Украинаға қарсы шабуылдарды күшейтіп жатыр. Әсіресе дронмен жасалған соққылар саны соңғы күндері артқан. Ресей басшысы Владимир Путин жағдайдың ушығуына АҚШ пен Еуропаны кінәлап, Батыстың үстемдігі қашан аяқталатынын айтты. Жансая Қапасқызы толығырақ.

Бүгін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысына келген премьер-министрлерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Мемлекет басшысы шиеленісе түскен геосаяси мәселелерді қаузап, қонақтарды тиімді шара қабылдауға шақырды.

Айта кетейік, 9 елдің премьер-министрі ТМД елдері Үкімет басшыларының кеңесіне арнайы келген. Шара барысында қандай маңызды мәселелер айтылды? Аягөз Тұрсынбай баяндап берсін.

Жұма, 28 Қазан 2022, 18:30

Соңғы шығарылымдар