Оңтүстік Кореяда көз жұмған отандасымыз Мадина Шерниязованың денесі елімізге ертең арнайы рейспен жеткізіледі. Марқұмның мәйітін туған жері Ақтөбеге жеткізу бойынша екі ел арасында келіссөздер жүріп жатыр. Анасы камераға сөйлеуден бас тартқанымен, оқыс оқиғадан соң отандасымыздың аты-жөнін анықтау қиынға соққанын айтты. Өйткені ол қайғылы жағдай болған күні төлқұжатын өзімен бірге алып шықпаған. Полиция телефонындағы саусақ іздері арқылы анықтапты.
Понедельник, 31 октября 2022, 20:02
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.