10 қалалық жасөспірім шынайы достықтың не екенін сезінуді және табиғатта уақытты қалай пайдалы өткізуге болатынын білу үшін ауылға барады. Бастысы, қолдарында ешқандай гаджет болмайды.
Жоба мақсаты жасөспірімдерге өтпелі кезеңде өздерімен және ішкі уайымдарымен күресуге көмектесуге, олардың ата-аналарына баласымен өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастың кілтін ұсынуға, дәстүрлі құндылықтар мен ғасырлық дәстүрлер арқылы буынаралық диалог орнатуға бағытталған.
Қатысушылар сынақтардан өтіп, өздерінің осал тұстарын пысықтай алады және конкурстарда қысылатын қасиеттерін еңсеруге тырысады.
Қызық әрі эмоционалды болу үшін әр эпизодта жарыстар формасы мен тапсырмалары арқылы ерекшеленеді. Мысалы, біреуі күлкілі тапсырмаларға негізделуі мүмкін, екіншісі физикалық күш, төзімділік, командалық рухты жаттықтырады, ал үшіншісі балалардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге көмектеседі. Бірақ мұның бәрі шынайы ауыл тұрмысы мен қазақ дәстүрлерінің призмасы арқылы байланысады.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.