
10 қалалық жасөспірім шынайы достықтың не екенін сезінуді және табиғатта уақытты қалай пайдалы өткізуге болатынын білу үшін ауылға барады. Бастысы, қолдарында ешқандай гаджет болмайды.
Жоба мақсаты жасөспірімдерге өтпелі кезеңде өздерімен және ішкі уайымдарымен күресуге көмектесуге, олардың ата-аналарына баласымен өзара түсіністік пен достық қарым-қатынастың кілтін ұсынуға, дәстүрлі құндылықтар мен ғасырлық дәстүрлер арқылы буынаралық диалог орнатуға бағытталған.
Қатысушылар сынақтардан өтіп, өздерінің осал тұстарын пысықтай алады және конкурстарда қысылатын қасиеттерін еңсеруге тырысады.
Қызық әрі эмоционалды болу үшін әр эпизодта жарыстар формасы мен тапсырмалары арқылы ерекшеленеді. Мысалы, біреуі күлкілі тапсырмаларға негізделуі мүмкін, екіншісі физикалық күш, төзімділік, командалық рухты жаттықтырады, ал үшіншісі балалардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге көмектеседі. Бірақ мұның бәрі шынайы ауыл тұрмысы мен қазақ дәстүрлерінің призмасы арқылы байланысады.

Бас жүлдеге талас: қатысушылар қой басын үйітіп, ішек қарын тазалады | АуылDone
28 қазан 2023, 18:00

Жартылай финал! Сиыр сауып, шалап дайындау | АуылDone
21 қазан 2023, 18:00

«АуылDONE» қыздары жылқы баптап, атпен серуендеді | АуылDone
14 қазан 2023, 18:00

Ауыл спартакиадасы: ләңгі тебу, асық ату, арқан тартыс | АуылDone
7 қазан 2023, 18:00

Қатысушылар қой қырқып, киіз басты | АуылDone
30 қыркүйек 2023, 18:00

Балалардың еңбекке деген қабілеті қандай? | АуылDone
24 қыркүйек 2023, 18:00

Ауылдастар қазы айналдырып, садақ атудан жарысты | АуылDone
16 қыркүйек 2023, 18:00

Шелекпен су тасып, қоршауды әктеуден жарыс | АуылDone
9 қыркүйек 2023, 18:00

Балалар ошақ құрып, бауырсақ пісірді | АуылDone
2 қыркүйек 2023, 18:00

«АуылDone» қатысушылары киіз үйді қанша уақытта құрайды? | АуылDone
26 тамыз 2023, 18:00