Өміріне, күн тәртібіне өзгеріс енгізгісі келген қалалық 10 жасөспірім ауылға аттанады. Олар түрлі гаджет, әлеуметтік желі, компьютерлік ойындар мен соңғы сән үлгісіндегі киім-кешектен бір айға бас тартып, достық, еңбек, адамгершілік секілді ізгі қасиеттер жоғары бағаланатын ортада бір ай тұрады. Жайлы орта мен виртуалды әлемді серік еткен жасөспірімдер шынайы ауыл өміріне бейімделе ала ма? Өмірге деген көзқарасы мен құндылықтарды өзгертіп, бойындағы қорқынышын, жалқаулығын жеңу үшін күреседі.
Бұл сынақтан сүрінбей өткен жеңімпаз жүлдеге ие болады.
Бас жүлде біреу – өзін нағыз өзгерте алған балаға беріледі.
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.