Ұл-қызың пенделікке жүз барып жүр | Battle сөз | Battle соз

Есірткіден қанша жас қаңғырып жүр,Салт дәстүрді танымай мәңгіріп жүр. Ақсисаны жырлаған балалардың, Ұрпағы ақшишаны ән қылып жүр. Арақ оңай адамды бұза алады, Көрдік талай алжасқан біз ағаны. Мұзға айдаған түйедей шатқаяқтап, Шалдың көбі шараптан ұзамады. Адам деген өлерде ұялмай ма, Күннің өзі батарда қызарады.

Сәрсенбі, 10 Мамыр 2023, 15:29

Соңғы шығарылымдар