«Ештен кеш жақсы» дегендей, Jaidarman биылғы туған күнін кеш те болса атап өтті. Туған күн кешіне арналған арнайы жобада бірнеше буын өкілдерінен құралған құрамалар «ауылдықтар» және «қалалықтар» болып, екі топқа бөлініп ойнады. Осы уақытқа дейін қоржынына 49 кубок жинаған «Тараз-2000» және шымкенттік «Байдың балалары» мен «Миллион» командалары қалалықтардың намысын қорғаса, Jaidarman жоғары лигасының биылғы финалистері «Рудный» мен «Жаңақорған» және бірнеше команда ойыншыларының басын құраған «Ауылдар» ауылдықтардың атынан сайысқа түсті. Арнайы жобаға командалар білек сыбана дайындалып келіпті. Jaidarman сахнасын жандырған, позитивті атмосфераға бөлеген керемет ойын өрнегін көрсетті. Ардагер жайдарманшылар әлі бабында екен, ағаларының мысы басты ма әлде ізеттілік танытты ма, әйтеуір жас жайдарманшылар тізгінді тарта ойнады. Әсіре сыншыл әділ қазылардың өздері екі езуін әрең жиған арнайы жобаны бірге тамашалайық.
Четверг, 20 января 2022, 16:28
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.