РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ЛИГА. 1/8 ФИНАЛ. V ТОП

«Jaidarman»-ның «Өзгеріс» маусымындағы Жоғары лига ойындарының 1/4 ширек финалына шығатын соңғы 4 команда бүгін белгілі болады.

Алматылық «энергичный» жігіттерден жасақталған «Энерго» құрамасы, қазақтың ұлы ақыны «Абай ауданының құрамасы», Жансая, Ұлжан және Мәдина сынды алматылық арулардың құрамасы, Тараздың тарландары құрған «Медиум» құрамасы, Шымкенттің шымыр жігіттерінен жасақталған «Миллион» құрамасы келесі кезеңге өту жолында астарлы әзіл мен қағытпа қалжыңды, ұтымды ойды сахнада ән, би, мимикамен шебер ұштастыра алды ма? «Абай ауданының құрамасы» неліктен Еркебұлан Мырзабектің үмітін ақтай алмады? «Миллионның» ойыны, расымен де миллионға бағаланды ма? Саяси әзілдерге тістері батпаса да, шынайы өмірдегі өзекті мәселелерді алматылық арулар әзілмен жеткізе алды ма? Тараздың тарландары мен оңтүстің астанамыздың энергичный жігіттері ширек финалға өте алды ма? Бұл сұрақтарға жауапты бірге білейік.

Бейсенбі, 20 Қаңтар 2022, 15:59

Соңғы шығарылымдар