РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШИРЕК ФИНАЛ. 1/4 ФИНАЛ. II ТОП

Әзіл керуеніне ілескен 5 топтың: алматылық «Made in ATU» мен «Ақпен бірге», елордалық «Шабыт», қостанайлық «Дарын» және ақтөбелік «Сөз жоқ» командаларының «Jaidarman» Жоғары лигасының 1/4 ойынындағы бәсекесі тартысты өтті. Жоғары лиганың 1/8 ойынында сынға ұшыраған алматылық «Made in ATU» командасы тыңғылықты дайындалып келіпті. Әділ қазы алқасы олардың ойынын бірауыздан жоғары бағалады. Көп үміт артқан «Ақпен бірге» мен «Сөз жоқ» командалары әзілдері мықты болғанымен, өткен жолғы қарқынынан бәсеңдеп, сенімсіздеу ойын көрсетті. Ал қостанайлық «Дарын» нағыз сынның астында қалды. Марат Достаев бұл команданың соңғы 7 жылдағы ең нашар ойыны екенін айтты. Бірінші топтағы бестіктің ойынымен салыстырғанда қызықты өткен әзіл бәсекесінде «Made in ATU» мен «Сөз жоқ» командалары келесі айналымға жолдама алды.

Четверг, 20 января 2022, 16:06

Соңғы шығарылымдар