РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШИРЕК ФИНАЛ. 1/4 ФИНАЛ. III ТОП

«Jaidarman» жоғары лигасының жартылай финалына ілігу үшін жарыс жолына келесі бес команда шықты: «Эверест» Түркістан қаласы, «Ұстаздар» Маңғыстау облысы, «Бес жаңалық» Петропавл қаласы, «Рудный» Қостанай облысы, «Жаңақорған» Қызылорда облысы. Командалар барынша дайындалып келгенімен, ойын әділ қазы алқасына аса ұнай қоймапты. Еркебұлан Мырзабекке қойылым ұнағанымен, әзіл жетіспепті. Марат Қамбарұлы жігіттерді еңбек етуге, ізденуге шақырса, Азамат Атагелді жартылай финалға лайық ойын көрсеткен команданы көрмегенін айтты. Көрермен мен әділ қазы алқасының пікірі бір жерден шықпай жататын кездердің жиі болып тұратынын ескерсек, бұл ойын көрермен көңілінен шығуы әбден мүмкін. Олай болса, бірге тамашалайық.

Бейсенбі, 20 Қаңтар 2022, 16:21

Соңғы шығарылымдар