Баян Мақсатқызы: Қыз бала «ит» емес қол көтеретіндей! Ер баланы осылай тәрбиелеу керек | «Қыздар-ай»

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы «Қыздар-ай» студиясында жеке өмірі туралы эксклюзивті сұхбат берді. Бұрынғы күйеуіне рақымшылық беру себебін және қыздарының әкесімен араласуы туралы айтқан Баян «Сырласу бөлмесінде» жан сырын ақтарып, экс-жолдасының ең алғаш 20 жыл бұрын қол көтергенін, талай рет іштен тынып, шыдап келгенін ашық айтты. Сондай-ақ бағдарламада көпшілік қызу талқылаған «Бақыт» картинасы жайлы да әңгіме қозғалды. «Бақыт» фильмі әйелдерді зорлық-зомбылықтан сақтаудың алғашқы қадамы деп санайды продюсер. Қиындыққа тап болғандар не істеуі керек? Ене көрсететін қысымға шыдау керек пе? Толығырақ «Қыздар-ай» бағдарламасында. Бағдарлама қонақтары: Баян Мақсатқызы, Лаура Мырзахметова, Анна Құдиярова

Бейсенбі, 13 Сәуір 2023, 17:58

Соңғы шығарылымдар