Талантымен таңдай қақтырған арулар | «Қыздар-ай»

«Қыздар-ай» бағдарламасының кезекті қонақтары – ерекше дарынымен талайды таңғалдырған арулар. Адина Нұрланбаева 2018 жылы 35 секундта 18 беттік мәтінді оқып рекорд орнатқан. Жылдам оқудан Қазақстан чемпионы «Абай жолы» романының 4 томын 8 сағатта оқып бітірген. Ал қазір Адина минутына 193 мың сөзді түсініп оқи алады. Полиглот Диана Ғалымжанова 13 тілді меңгерген. Тіл үйренуге деген қызығушылығы 8-сыныпта басталып, алдымен қытай тілін үйренген. Айсұлу Ниязова жеті түрлі музыкалық аспапта ойнайды. Сонымен қатар қасқырдың ұлығанын, құстың дыбысын және жылқының шабысын салады. Бағдарлама қонақтары: жылдам оқудан чемпион Адина Нұрланбаева, полиглот Диана Ғалымжанова, шаңқобызшы Айсұлу Ниязова.

Бейсенбі, 27 Сәуір 2023, 18:00

Соңғы шығарылымдар