Ұлты бөлек болғанмен, жаны қазақ арулар – «Қыздар-ай» бағдарламасының кезекті қонақтары. Орыс қызы Оксана Набиева қазақ халқына құрмет ретінде қазақ тілін үйреніп, қазір өзінің әдістемесімен мемлекеттік тілді үйренгісі келетіндерге сабақ беріп жүр. Ал жапон қызы Мисаки Эбина қазақ тілін небәрі 6 айда үйреніп алған. Оны Қазақстанға ғашық еткен – мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен. Қазақ мәдениетіне қызыққаны сонша, Жапониядағы жұмысын тастап Қазақстанға көшіп келген. Екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту жолында жұмыс жасағысы келетінін де жасырмады. Неміс қызы Алина Кан – бүгінде қазақ тілін насихаттаушылардың бірі. Кішкентай кезінде қазақ балаларымен араласып, қазақ тіліне деген қызығушылығы артып, бүгінге дейін толық меңгеріп шыққан. Алина да қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтарға тегін сабақ береді. Бағдарлама қонақтары: мұғалім Оксана Набиева, жапон қызы Мисаки Эбина, қазақ тілін насихаттаушы Алина Кан.
Понедельник, 01 мая 2023, 16:00
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.