«Қыздар-ай» бағдарламасының бұл шығарылымына тағдырдың жазуымен мүгедек атанған, бірақ жігері мұқалмаған қайсар қыздар қонаққа келді. 19 жасында мүгедектер арбасына таңылған Гүлжан Қажынова бүгінде параспортқа бет бұрған. Ол керлингпен және бимен айналысады. Ал 1,5 жасынан өмірі үшін күрескен Гүлдана Әлім – қазір белгілі киім дизайнері. Ол мұнымен шектелмей, Мәскеуде психология саласында білім алып жатыр. Сынақтан сағы сынбаған қыздар жайлы толығырақ шығарылымнан көріңіздер. Бағдарлама қонақтары: Айнұр Сырлыбаева, Гүлжан Қажынова, Гүлдана Әлім
Вторник, 06 июня 2023, 16:43
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.