Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстан жастар құрамасы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында топ жарды. Астанада өткен құрлықтық додада жасөспірім зілтеміршілеріміз 23 медаль жеңіп алды, оның 12-сі — алтын. Үздік үштікке Вьетнам және Үндістан құрамасы кірді. Жастар арасында 27 жүлде иелендік, оның ішінде 9 спортшымыз чемпион атанды. Бұл санатта да жалпы есеп бойынша бірінші орынды иелендік. Екінші орынға Таиланд, үшінші орынға Қытай құрамасы жайғасты.
———————————————