Бурабайда шетелдегі қазақ балаларына арналған Jas Qazaq жазғы этно-лагері ашылды. Оны ҚР Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» ұйымдастырып отыр. Биыл бесінші рет өтіп жатқан лагерьге АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Польша, Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 150-ге жуық қандас бала келген. Олар – түрлі байқауда үздік шыққан, білімді де талапты жастар. Қатысушылар қазақ тілі мен тарихын, салт-дәстүр мен ұлттық ойынды үйренеді. Сонымен қатар, білім көрмесіне қатысып, өзге елден келген замандастарымен достық орнатады. Демалыс пен оқу 20 шілдеге дейін жалғасады.
МИРАС МЫРЗАЖІГІТОВ – РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНАН КЕЛГЕН ҚАЗАҚ:
— Мен осы екі апта ішінде басқа елдің қазақтарымен дос болдым. Қазақшам жақсарып, домбыра тартуды да үйренемін деп ойлаймын.
ӘЛІБЕК ЖҰРҚАДАМ – «ОТАНДАСТАР ҚОРЫ» КЕАҚ ВИЦЕ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Қазақ қай жерде болмаса да қазақ қой, сондықтан олардың Отаны, Ата-Жұрты, әрине, біздің елімізде, Қазақстанымыздың жерінде, төрінде. Сондықтан басты мақсатымыз – оларға қазақ елін көрсету, жерін көрсету, осындай кең байтақ жерімізде, керемет осы Бұрабайдың баурайында демалып, сонымен қатар тек қана демалмай, қазақ тілін, қазақ тарихын онымен қатар салт-дәстүрін оқу. Осы мақсатымыз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.