Екібастұзда жол ережесін өрескел бұзған той кортежі ұсталды. Алты көлікке 15 хаттама толтырылды. Жолаушылар терезеден денесін шығарған, маневр жасау тәртібін сақтамаған, қарсы жолаққа шыққан, қауіпсіздік белдігін тақпаған және бұрылыс шамын қоспаған.Тексеру барысында жүргізушілердің кейбірінде қажетті құжаттары болмағаны анықталды.
ЖАНАР БІЛӘЛОВА – ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қарсы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, қайта басқа жолға тұру кезінде бұрылыс шамы қосылмады. Сондай-ақ тексеру кезінде жүргізушілердің сақтандыру полисі болмағаны белгілі болды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.