Президент Алакөлдегі туризм мәселесін сынға алды

Туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету сапасы және қауіпсіздік мәселелері сын көтермейді. Мемлекет басшысы халықтан келген көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы танымал туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайын еместігіне Үкіметтің назарын аударды. Барлық туристік бағытты ретке келтіру және жауапты тұлғаларды жазалау туралы тапсырма берілді.
———————————————