Қ. Тоқаев: Қазақстан АҚШ-пен өзара тиімді саудаға мүдделі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың импортқа баж салығын енгізу туралы хатына жауап жолдады. Президент Қазақстанның АҚШ-пен сенімді әрі өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар Президент сауда мәселелері бойынша конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін білдіріп, ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.
———————————————