13 адамның қазасына себеп болған қонақүйдегі өртке қатысты үкім шықты | 09.07.2025

Жаңалықтардың бұл шығарылымында:

ПЕРИЗАТ ҚАЙРАТ ІСІ БОЙЫНША СОТ
Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот талқылауы басталды. Қоғам белсендісі мен анасы Ғайни Алашбаеваға алаяқтық және қылмыс жолымен алынған ақша мен мүлікті жылыстатқаны үшін айып тағылды.

ТЕАТР ҚАРЖЫСЫ ҰРЛАНДЫ
Шымкенттегі «Жастар театрына» қажет құрылғыларды сатып алу үшін бөлінген 320 миллион теңгенің 136 миллионы ұрланды.

ДРОППЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ
Карталарын алаяқтарға берген адамның барлық шоты бұғатталады. Дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
———————————————