Техаста су тасқынынан қаза тапқандар саны 110-ға жетті. Тағы 160 тұрғын із-түзсіз кеткен. Осыған байланысты аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Десе де, ізім-қайым кеткендерді тірі табу үміті үзіліп барады. Себебі су апатының басталғанына төрт күн болды. Қазір топан су тартыла бастағанымен, болжамдарға қарағанда алдағы күндері тағы да жауын жауады деген болжам бар.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.