Күзден бастап Астана мен Алматыдағы айыптұрағы ақылы болуы мүмкін. Сенат тиісті заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Енді мәслихат көлікті айыптұраққа жеткізу және уақытша сақтау құнын бекітеді. Бұл жаңалық қазір автокөлік иелері арасында қызу талқыға түсіп жатыр. Наразылық білдіріп жатқандары да аз емес. Заңгерлер де бұл бастамаға күмәнмен қарайды.
Сарапшылардың пікірінше, көбіне айыптұраққа дұрыс қойылмаған көлік жеткізіледі. Көлігі ұзақ уақыт айыптұрағында қалатын борышкерлер де жоқ емес.
Заңға енгізілген жаңа түзетулер айыптұрақтардағы жүктемені азайтуы тиіс. Депутаттар осылай дейді. Осы ретте сарапшылар жаңашылдықтарды жүзеге асыру кезінде бірқатар факторды ескеру қажет екенін айтады. Мысалы, жүргізушінің кінәсі дәлелденбей тұрып ақы алмау және сот пен шағымдану кезеңінде тұрақты тегін қалдыру.
МИХАИЛ БУДЯНСКИЙ – ЗАҢГЕР:
— Құқық бұзу мен онымен байланысты әрекеттерді нақты ажыратып алу қажет. Кейбір жеңіл тәртіп бұзғандар үшін айыптұраққа көлік әкету шараларын қолданбай, тек нөмірлік белгіні алу шарасын қолдану керек. Ал өзгелерге көлікті айыптұраққа қою шарасын қолдануға болады. Эвакуация мен сақтау қызметтерін төлеу міндеті де кінәлі деп танылған адамға жүктелуі тиіс.
Әзірге бұл түзету Президенттің қол қоюына жолданды. Қазіргі уақытта мегаполистерде көліктерді сақтауға арналған үш аймақ жұмыс істеп тұр. Бәрі де тегін.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.