2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Елімізде зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі келтірген дерек бойынша, 2026 жылы әлеуметтік төлемдерге 6,8 триллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл биылғы сомадан 14,4 пайызға немесе 860,5 миллиард теңгеге көп. Яғни келер жылдың 1 қаңтарынан бастап инфляция деңгейіне байланысты өсім 10 пайызға дейін жетеді. Сондай-ақ жәрдемақы сомасы артады. Мүгедектігі бар адамға арналған төлем де өспек.
———————————————