Ұлытау облысында қайтарылған актив есебінен 11 жаңа нысан бой көтереді

Ұлытау облысына 4 млрд теңгеден астам қаржы жіберілді. Бұл қайтарылған актив есебінен алынған. Осылайша, Ұлытау облысында маңызды 11 ғимарат салынады. Барлық нысан биыл пайдалануға беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңсыз сатып алынған активтерді қайтару елдің әділдігі мен дамуына жасалған маңызды қадам екенін атап өткен болатын.
———————————————