Ұлттық банк балаларды интернет алаяқтарынан қорғауға шақырды

Қазақстан Ұлттық Банкі балалар мен жасөспірімдерге қатысты интернет-алаяқтықтың артып келе жатқанын ескертіп, ата-ана мен ұстаздарға кибергигиенаны күшейтуге шақырды. Қаскөйлер фишинг пен спуфинг арқылы жеке және қаржылық деректерге қол жеткізуді көздейді. Сонымен қатар виртуалды таныстар арқылы пайда табу немесе қауіпті контент тарату әрекеттері жиілеген. Мамандар балалардың құрылғыларына «ата-ана бақылауын» орнатып, қауіпсіздік режимдерін қосуды ұсынады.
———————————————