Абай облысында балық аулап отырған балаға үш жасөспірім шабуыл жасаған

Абай облысында балық аулап отырған балаға үш жасөспірім шабуыл жасап, соққыға жыққан. Қылмыстық іс қозғалды. Ертіс өзенінің бойында алаңсыз қармақ салған 12 жастағы баланы көрген үшеуі мазақ етіп, тас лақтырған. Ұрып, тепкілеген.
Бұл туралы зардап шеккен баланың әпкесі әлеуметтік желіде жазба жариялап, шағымданды. Денесі көгеріп, түрлі жарақат алған бала ауруханада жатыр. Күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді.
АЙДАНА ҚОЗЫБАЕВА – АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Кәмелетке толмаған 3 балаға қатысты материалдар жинап, Семей қалалық әкімдігі жанында кәмелетке толмағандар істер жөніндегі комиссияда қарау жоспарлануда. Одан кейін оларды кәмелетке толмаған істер жөніндегі бөлімшенің профилактикалық есебіне қою арқылы жеке тәрбиелік жұмыс жүргізіледі.
———————————————