Құлсарыда 13 жастағы мопед жүргізушісі жол апатынан қаза тапты

Құлсарыда мопед тізгіндеген жасөспірім автобусқа соқтығысты. Жасөспірім тіл тартпай кетті. Жасы небәрі 13-те. Айта кетейік, елімізде мопед жүргізуге 16 жастан асқан адамға рұқсат беріледі. Жол қозғалысы ережесіне сәйкес, мопед көлік ретінде тіркеледі және арнайы құжаты болуы тиіс.
ДИНА МАҚСАТОВА – ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

— Қоғамдық автокөлікпен мопед соқтығысқан, салдарынан мопед көлігін басқарған 2012 жылы туылған жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақатынан қаза тапқан. Қазіргі уақытта қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
———————————————