Жол апатынан тірідей жанып кеткен 7 адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды. Жантүршігерлік оқиға Қарағанды – Балқаш тасжолында болған. Жергілікті полиция департаментінің айтуынша, жүргізуші алда келе жатқан көлікті басып озбақ болып, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақтағы темір тосқауылға соғылған. Көлік бірер секунд ішінде өртеніп кеткен. Жүргізуші мен жанындағы тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жүргізушінің жағдайы қалыпты, ал жолаушы ауруханаға жатудан өз еркімен бас тартқан.
АЗАМАТ АХМЕТОВ, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның аясында қажет сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.