Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифінінің кейбірін көтеру кейінге шегерілді. Министрлер кабинеті ақылы қызметтер осы жылдың бірінші жартысында инфляцияның өсуіне негізгі себеп болғанын атап өтті. Инфляция 16,1 пайызға жеткен. Осыған байланысты Үкімет коммуналдық қызметтер тарифінің өсу қарқынын реттеу туралы шешім қабылдады. Коммуналдық қызмет тарифін өсіруді ішінара кейінге қалдырды. «Бұл азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға және инфляция деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коммуналдық қызмет үшін бірыңғай түбіртек енгізілетіні жарияланған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.