АҚШ Қазақстаннан жеткізілетін тауарларға 25 пайыздық баж салығын енгізеді. Бұл шешім осы жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Жаңа тарифтер АҚШ аумағында өнім өндіретін компанияларға қолданылмайды. Сондай-ақ аталған құжатта Қазақстан америкалық өнімдерге салық енгізетін болса, қосымша пайыздық мөлшерлеме енгізілетіні ескертілген. Трамптың айтуынша, мұндай шектеу шаралары сауда теңгерімін сақтау үшін қажет.
ҒАЗИЗ ӘБІШЕВ – САРАПШЫ:
— АҚШ-тың баж салығы тарифін өсіруі Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына айтарлықтай әсер ете қоймайды. Сол себепті ел үкіметі әзірге қандай да бір қарсы шаралар қабылдамайды. Бұдан бөлек, америкалық баж салығы АҚШ-тағы ішкі инфляцияға, жергілікті өнеркәсіпке және Құрама Штаттардың басқа елмен қарым-қатынасына қалай әсер ететінін көру керек.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.