Ұшар алдында тексеріңіз: туркод тексеру құрылғысы қолжетімді

Сатып алған турыңыздың шынайылығын ұшпай тұрып тексеруге болады. Астанадағы халықаралық әуежайда туристік жолдаманың рас-өтірігін тексеруге болатын арнайы стенд қойылды. Жолаушылар жолдама нөмірін енгізу арқылы демалыс туры заңды ма, жоқ па бірден біле алады. Егер жүйеде мұндай туркод табылмаса, дереу «Туристік Қамқор» әкімшілігіне хабарласуы тиіс. Бұл құрылғы шетелге шығатын туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қойылған.
ИННА РЕЙ – «ТУРИСТІК ҚАМҚОР» ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Қазір дәл осындай құрылғы Алматы әуежайында орнатылып жатыр. Енді Шымкент бағытында жұмыс істейміз. Бұл жобаның тиімділігін қорытындылап айтамыз.
———————————————