13 адамның қазасына себеп болған қонақүйдегі өртке қатысты үкім шықты

Алматыда 13 адамның қазасына себеп болған шағын қонақүйдегі өртке қатысты үкім шығарылды. Алмалы аудандық соты Әділбек Мұхамедьяровты 5 жылға, Александр Пекельникті 4 жылға бас бостандығынан айырды. Екі айыпталушы да кінәсін мойындамады. Естеріңізге сала кетейік, Өрт 2023 жылдың 30 қарашасында болған. Ғимарат өртке дейін бір жарым ай бұрын ғана ашылған. Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты, оның ішінде жасөспірім де бар.
———————————————