Перизат Қайрат ісі бойынша сот талқылауы басталды

Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот талқылауы басталды. Қоғам белсендісі мен анасы Ғайни Алашбаеваға алаяқтық және қылмыс жолымен алынған ақша мен мүлікті жылыстатқаны үшін айып тағылды. Бұл іс бойынша алдын ала тыңдау жүріп жатыр. Айыпталушылар процеске БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы болып, фото және видео түсірілімінен бас тартты.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты ұрлады деген күдікпен ұсталған еді. Тергеу мәліметі бойынша, бұл қаражаттың бір бөлігі элиталық мүлік, көлік және саяхатқа жұмсалған.
———————————————