Шымкенттегі «Жастар театрына» бөлінген қаржы ұрланды

Шымкенттегі «Жастар театрына» қажет құрылғыларды сатып алу үшін бөлінген 320 миллион теңгенің 136 миллионы ұрланды. Концерт өткізуге арналған жабдықтарды сатып алатын қаражатқа күдіктілер пәтер, көлік алған. Ұры алыстан келмеген. Шенеуніктің өздері болып шықты. Жеке кәсіпкерлермен келісімшарт жасап, қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Күдіктілер қамалды.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысқа жалпы құны 48 млн теңгені құрайтын автокөлік пен пәтер сатып алып, мүлікті жасыру мақсатында оларды сенімді адамдардың атына рәсімдеген. Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.
———————————————