Карталарын алаяқтарға берген адамның барлық шоты бұғатталады. Дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады. Қазір интернет-алаяқтық пен есірткі айналымына қатысы бар 50 мыңнан астам адам анықталған. Қылмыс жасауға көмектескен 6 мыңнан астам дроппердің жеке басы тіркеліп отыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекске жаңа бап енгізілмек. Бұл бапта төлем құралдарын басқа адамға заңсыз және сыйақы алу мақсатында бергендерге қатысты қылмыстық жауапкершілік көзделген. Парламент Сенаты бұл заң жобасын қарап жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.