Президент сынынан кейін Ермек Көшербаев пен Ербол Мырзабосынов Алакөлге барды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Үкімет басшысы Алакөл жағалауындағы жағдай мен елдегі туристік аймақтардың ахуалы туралы Вице-премьер мен Туризм және спорт министрінің баяндамасын тыңдап, министрлер мен әкімдерге жұмысты күшейтуді тапсырды. Жиында туристік инфрақұрылым, сервис, қауіпсіздік және жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері қаралды.
МАРАТ ҚАБАҚОВ, ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:
— Алакөлдің басты мәселесі – электр тапшылығы. Сондықтан қазір электр желісін салу бойынша жобалық-сметалық құжат дайындалды. Мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жобаны келесі жылы бастау жоспарланып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.