Қазақстандықтар суды үнемдеуі қажет. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігі тұрмыста тіршілік нәрін тиімді пайдалануға қатысты бірнеше ұсыныс дайындады. Ведомство өкілдері кір жуатын және ыдыс жуатын машиналарды тек толық жүктемемен қолдануға, тіс тазалау кезінде кранды сөндіруге, көкөніс пен жемістерді ағын сумен емес, ыдыста жууға, сондай-ақ сенсорлы автоматты араластырғыштар орнатуға кеңес береді. Аталған ұсынымдарды орындау арқылы алты адамнан тұратын бір отбасы жылына шамамен 35 мың литрге дейін су үнемдей алады. Осы ретте елорда тұрғындарынан бұл кеңестерге қаншалықты дайын екенін және өздері суды қалай үнемдейтінін сұрап білдік.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.