Әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға енді несиелік демалыс беріледі. Яғни берешек төлемін кемі үш айға шегере алады. Бірақ бұл жеңілдік табысы кемінде 30 пайызға төмендегені құжатпен расталған жағдайда ғана беріледі.
Жаңа ереже 2025 жылдың 31 тамызынан бастап күшіне енеді. Жаңа тәртіп бойынша, қарыз алушы арнайы бекітілген форма арқылы өтініш жазып, табысының азайғаны немесе тұрмыс жағдайының қиындағанын растайтын құжаттарын тапсыруы қажет. Ал банк немесе микроқаржы ұйымы өтінішті 15 күн ішінде қарастыруы тиіс. Бұған дейін елімізде несие төлемін кейінге қалдырудың нақты әрі міндетті тәртібі болмаған. Азаматтар банкке немесе микроқаржы ұйымына жағдайын айтып өтініш беруі мүмкін еді, бірақ қаржы ұйымының келісуі міндетті емес болатын.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.