Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі төмендеді

Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 6,3 пайызға төмендеді. Бұл туралы Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезінде белгілі болды. Жиын барысында федерация өкілдері соңғы бес жылдағы жұмыс қорытындысын жариялады. Олардың айтуынша, қазіргі таңда еңбек жағдайын жақсарту, жалақыны арттыру, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету және жұмысшылардың құқықтарын қорғау бағытында ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді. Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдық ұйым өкілдері алдағы бес жылға арналған стратегияны бекітті. Құжатта цифрлық саясатты дамытуға ерекше назар аударылған.
Айта кетейік, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы — елдегі ең ірі қоғамдық ұйым, оның құрамында шамамен 2 миллион адам бар.
САТЫБАЛДЫ ДӘУЛЕТАЛИН, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Біз жастардың жағдайын жасауымыз керек. Олардың өсуіне, өркендеуіне қолайлы жағдайды қалыптастыруымыз керек. Сондықтан жастармен де жұмыс қазір алға басты деп айтуға болады.
———————————————