Дүниежүзілік жылқы күні БҰҰ деңгейінде атап өтілуде

Бүгін – Дүниежүзілік жылқы күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен арнайы дата мереке ретінде биыл алғаш рет аталып өтуде. 169 мемлекет қолдаған қаулыда жылқы шаруашылығының экономикалық даму мен адамзат тіршілігіндегі рөлі ерекше екені көрсетілген. Сарапшылардың дерегіне сүйенсек, әлемде бүгінде 57 миллионнан астам жылқы бар, соның шамамен 4,4 миллионы – Қазақстанда. Бұл көрсеткіш 1991 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Атаулы датаға орай елімізде «Тұлпар күні» атты ұлттық мереке бекіту мәселесі де қаралып жатыр. Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің айтуынша, арнайы күнді белгілеу арқылы жылқы шаруашылығын қолдауға баса мән беру көзделіп отыр.
ӘСЕТ ТОЛҚЫНБЕКОВ – АТ СПОРТЫНАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ БАС БАПКЕРІ:
— Дүниежүзілік жылқы күні біз үшін маңызды. Біздің Қазақстанға, спортымызға маңызды күн болып есептеледі. Қазір Қазақстанда ат спортына жақсы көңіл бөлініп жатыр. Елімізде осы жақын арада әлем кубогы өтті. Біздің спортшыларымыз команда құрамасымен бірінші орынға белгіленді. Бізде Азия чемпионаты болады. Таиландта сол жаққа құрама команданы шығарып, жақсы нәтиже көрсетуіміз керек. Сол жаққа дайындалып жатырмыз.
НҰРИЛА ТҰРЫСБЕКОВА – АТ СПОРТЫНАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕСІ
— Осы жылдаТаиландта өтетін Азия чемпионатына қатысамыз. Ол жарыс біз үшін өте маңызды. Өте ұзақ күткен жарыс. Сол үшін бірінші орынды алуға ұмтыламыз.
———————————————