Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ДӘРІГЕР САЛҒЫРТТЫҒЫ
Алматыда дәрігерлер босанған әйелдің ішінде дәкені ұмытып кеткен. Келіншек оны білмей, 9 ай бойы жанына ауруы батып жүрген. Қазір операция жасалды. Бірақ енді оның ішкі құрылысы түгел емес. Ісіне салғырт қараған мамандар жазаға тартыла ма?
ЗАМАНАУИ РЭКЕТИР
Шымкентте бір топ рэкетир ұсталды. Олар айдың күннің аманында айналаны үрейде ұстап, қарақшылық, тонау және боспалаумен айналысқан. Түнгі клубтардың бірін қорғағаны үшін ай сайын — 2,5 миллион теңге алып отырған.
ЖОЛШЫ НЕГЕ БҰЛҚЫНДЫ?
Ақтөбе қаласының іргесінде жаңа салына бастаған жолдың құрылысы кілт тоқтап, жұмысшылар оны қайта бұзып тастады. Тұрғындар бұл жолды жылдап күткен еді. Қуаныштары су сепкендей басылды. Жолшылардың бұлқынуына не себеп?
ЖҰЛДЫЗҚҰРТ ҚАПТАДЫ
Еліміздің шығысында жұлдызқұрт қаптады. Зиянкес айналадағы жасыл желекті жайпап тастаған. Әсіресе Огнёвка және Асу-Бұлақ ауылдарында жағдай қиын. Жәндік орман ағашын бітіріп, бау-бақшаға түсе бастаған.
ФИЛИПП ДОМБЫРАШЫ
Павлодарлық оқушы Филипп Быков домбыра тартып жұртшылықты таңғалдырып жүр. Ұлты орыс болса да, ұлттық аспапты ерте меңгеріп алған. Сондықтан Ұлттық домбыра күні қарсаңында қазақ еліне күйден шашу шашпақ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.