Ақтөбеде екі адамды өлтіріп, кепілге алған қаскөй өмір бойына сотталды

Қалған өмірі өкінішпен өтеді. Ақтөбеде кепілге адам алу және екі кісіні өлтіру дерегі бойынша сот үкімі шықты. 38 жастағы Сәрсенбек Басанов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ол 27 млн теңге моральдық және материалдық өтемақы төлейді. Еске салайық, ол екі зейнеткерді бірнеше рет пышақтап, балтамен ұрып, денелерін жертөлеге жасырған. Ал азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып, қорқытып, кепілге алған.
ЖӘНІБЕК СЕЙТЖАПАРОВ – СУДЬЯ:
— Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-бөлігіне сәйкес Басановқа қылмыстардың жиынтығы бойынша Басановқа түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсізщ мекемесіне белгіленсін.

ЭЛЕОНОРА ӘЛИ – МАРҚҰМНЫҢ ҚЫЗЫ:
— Алты ай жүрдік осы іспен. Жынды болып кете жаздадық. Ату жазасы болғанда ату жазасын сұрайтын едік. Әрине келісеміз өмір бойына бас бостандығынан айырылып жатсын. Қолымен істегенін мойынымен көтерсін.
———————————————