Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай, Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық пен демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті. «Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын» — делінген жеделхатта. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенін жеткізіп, Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.