Теміртауда саябақ дауы: жарты миллиард бөлінген жоба аяқталмай тұр

Теміртауда жергілікті тұрғындар саябақ құрылысына қатысты дау шығарды. Осыдан үш жыл бұрын демалыс орнын салуға ел қазынасынан жарты миллиардқа жуық қаржы бөлінген. Алайда жұмыс әлі күнге дейін аяқталмапты. Сондықтан халық құзырлы орган өкілдерінен тексеруді талап етіп отыр. Бүгінгі күні мұндағы ағаш құрап, арамшөп өсіп кеткен. Әрі айнала қараусыз қалғандықтан қоқысқа толған. Жоспар бойынша жоба екі жылда аяқталуы керек еді. Әкімдік өкілдері мердігерді сотқа берген. Осыған байланысты шаруа шатқаяқтаған.
ӘДІЛБЕК БАСПАҚОВ, ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ ҰЙЫМЫНЫҢ ӨКІЛІ:
— Сапалы атқарылған жұмыстар қабылданды. Алайда көбінің құжаты әлі дұрыс емес. Кейбір шаруа толық көлемде орындалмаған. Сондықтан оларды кері қайтардық.
———————————————