Қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысының Рудничный ауылында жаңа мектеп салынады. Еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов 230 орындық білім ордасының іргетасына арнайы капсула орнату рәсіміне қатысты. Ғимарат құрылысына 2,4 млрд-тан астам теңге қарастырылған. Жалпы Жетісу облысында бюджетке қайтарылған қаржыға 22 әлеуметтік нысан салу жоспарланған.
ЕРТАЙ ДҮЙСЕБАЕВ — ТЕКЕЛІ ҚАЛАЛЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Бұрынғы ескі мектеп әжептеуір тозыңқырап жүр еді. Жаңа мектеп салынып жатыр. Соған ризашылық білдіреміз. Халқымыз кәдімгідей қуанып, оқуға қазірден дайындалып жатыр. Үш немерем осы жерге оқуға барады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.