Бала асыраудың жаңа түрі. Енді жетімді бауырына басқысы келетін ата-ана алдын ала дайындықтан өтеді. Жаңа жүйе «кәсіби қабылдаушы отбасы» деп аталады. Яғни бала жетімдер үйіне жіберілмей тұрып, әбден сынақтан өткен жұпқа аманат етіледі.
Енді ата-анасынан айырылған балалар бірден интернаттық мекемелерге емес, бала асырауға ниетті отбасыларға жіберілмек. Олар «кәсіби қабылдаушы отбасы» деп аталады. Мамандардың айтуынша, бұл бастама балалардың қауіпсіз үй жағдайында өмір сүруіне мүмкіндік бермек.
ФАРИДА РАХМЕТОВА, «АНА ҮЙІ» ҚҚ ЖОБА БАСШЫСЫ:
— Бала мекемеге түскенде де тәрбиешіге бауыр басуы мүмкін. Дәл солай бұл отбасында да бауыр басу болады. Егер кәсіби қабылдаушы отбасы сол балаға бауыр басып, әрі қарай «ол баланы жібергіміз келмейді, біздің отбасында болсын» десе, нысанды өзгертуіне болады. Яғни ол асырап ал алады олбаланы, немесе басқа нысандарға өзгерте алады.
Фарида Рахметованың сөзінше, яғни интернаттық мекемеде тәрбие алған балалардың психологиялық жарақты одан бетер ауыр. Сондықтан қабылдаушы кәсіби отбасы қызметін енгізудің маңыздылығы зор, дейді. Балаларға туысқандарымен араласуға да жағдай жасалмақ.
ФАРИДА РАХМЕТОВА, «АНА ҮЙІ» ҚҚ ЖОБА БАСШЫСЫ:
— Тукысқандары алмайтын болса, кәсіби қабылдаушы отбасы баланы басқа нысанға, орналастыруға мүмкіндігі бар. Асырап лағысы келетін ата аналарға, қамқоршылыққа, патронтаттық тәрбиеге алғысы келетін ата аналар кәсіби отбасына барып, баламен кездесіп,баланы басқа нысанға қабылдауға мүмкіндігі бар.
Жетімдірге жылы шырай танытып, қамқорлық таныту үшін кәсіби қабылдаушы отбасыларға да арнайы дайындық керек. Оларға қойылатын талап та жоғары. Тұрақты табысы мен баспанасы болуы шарт. Және психологиялық дайындықтан өткенін растайтын сертификаты болуы керек.
МӘДИНА БИСЕМБАЕВА, БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Оқыту жетім балаларға арналған мекемелерде, сондай-ақ балаларды отбасына қабылдауға ниетті адамдарды оқытуға құқығы бар, акредиттелген ұйымдар да жүргізіледі. Кандидаттар туралы шешімді қамқоршылық ұйым анықтайды. Қандидаттарды тағайында туралы шешімді қамқоршылық органдары қабылдайды,
Бұл бастамаға қатысты бұқараның да пікірін сұрадық. «Кәсіби отбасылар балаларға өз перзентіндей қарап, сенімен шықса игі», — дейді тұрғындар.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА – ТІЛШІ:
— Кәсіби қабылдаушы отбасы арнайы дайындықтан өтеді. Белгілі бір жағдайлармен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала уақытша немесе алты айға дейін осы отбасыларға орналастырылады. Бұл бастаманың мақсаты – балаларға мейірімімен қарап, барынша жайлы жағдай жасау. Қазір еліміздегі балалар үйінде 4 мыңға жуық жеткіншек тәрбиеленуде. Соңғы 10 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш үш есе азайған.
Жетім балаларды отбасына қабылдауға құлықты азаматтарға қаржылық қолдау көрсетіледі. Әрбір ата-анаға шамамен 270 мың теңге жәрдемақы жәрдемақы төленеді. Ал әр балаға оның көлемі 30 мың теңгеден асады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.