Петропавлда былтырғы тасқын кезінде су астында қалған сорғы станциясы толық жөнделіп, қолданысқа берілді. Оны жаңғыртуға демеушілер 4 миллиардқа жуық теңге аударды. Қала іргесіндегі стратегиялық нысан өткен ғасырдың 70-ші жылдары ел игілігіне берілген. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Бұл шаhарды таза сумен қамтып отырған жалғыз станция. Былтыр су басқанда бүтін бір қала бірнеше күн тіршілік нәрінен таршылық көрді. Сондықтан болашақта «Ойқала» шағын ауданында резервтік сорғы станциясы салынбақ. Қазір оның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.
МҰРАТБЕК ӘБІШЕВ, СУМЕН ҚАМТУ КӘСІПОРНЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Ескі станцияның тек қаңқасы ғана қалды. Құрылғылар толығымен ауыстырылды. 4 жаңа насос орнаттық. Әрқайсысы сағатына 3200 текше мерт су сорады. Айта кету керек, олар судың астында тұрса да жұмыс істей береді. Сондай-ақ барлық жүйе автоматтандырылды. Әрі оны қашықтан басқаруға болады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.